Ассалаумагалейкум бауырлар міндетті түрде оқып шығыңыздар...! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз. Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді. Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз. Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз. Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз. Құраннан бір парақ оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз. Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз. Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз. Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына алаңдамаймыз. Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра жұмаққа кіруді армандаймыз. Болмашы сурет, видеоларды асыға репост жасаймыз, ал бұл керемет мағлұматты достарымыз оқу үшін репост жасамай тек өзіміз оқып ғана қоямыз бул жарамайд хабардар етейiк бауырлар балким ойланар журекте титтейде болсын Иманы болса Аллам баршанызга разы болсын...

Теги других блогов: өмір қызықты мәселелер шешу